Мақат ауданының әкімі Кейкін Шәкір Кейкінұлы Мақат балалар өнер мектебінің директоры Маулекенов Дәулеткерей Нәсіпқалиұлын қабылдады.
Нұр-Сұлтан қаласында өткен Дина Нұрпейісованың 160 жылдық мерей тойына арналған шарада «Дегдар» гуманитарлық қайырымдылық қорының төрайымы Дариға Нұрсұлтанқызының «Ақ тілек» құттықтау хатын алып келгеннен кейінгі жиында аудан әкімі, аудан ардагерлері және бөлім басшылары қатысып, ақ тілектерін білдіріп, мектеп директорына, мектеп ұжымына алғыс хат табыстады. «Домбыра-тенор» мамандығы оқушылары сыйлыққа берілген домбыралармен күмбірлетіп күй орындады.

