Created: 23 Қараша 2021
281

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қосымша білім беру педагогінің шығармашылығы» облыстық форумы өтті.

Бүгінде Атырау облысында 38 қосымша білім беру ұйымы бар. Оның алтауы жекеменшік ұйым. Мұнда 35 779 оқушы қатысады. Бұл көрсеткіш – 25,9% қамтуды көрсетеді.

Мұнда оқушының кәсіби көркем-эстетикалық, әскери-патриоттық, ғылыми-техникалық, өзін-өзі дамытуға ықпал ету, жеке тұлғаның бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру бойынша бірқатар жұмыс жүргізілуде.

Іс-шара осы ұйымдардың қызметі аясындағы осындай жаңалықтар мен жетістіктерді көпшілікке таныстыруды мақсат еткен болатын.

Ауқымды жиынның алғы сөзімен ашқан оьлыстық Бідім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев құттықтау сөз айтып, бүгінгі білім беру жүйесінде қосымша білім берудің бала үшін қаншалықты маңызды екеніне тоқталды. Мерекелік кеш барысында қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, Тәуелсіздікке тарту сыйларын өлең-жырмен жеткізді. Сонымен қатар форум кезінде Атырау облысы білім беру саласының, соның ішінде қосымша білім берудің дамуына үлес қосқан бір топ ардагер-ұстаз облыстың бас ұстазы Сатқан Есенғалиевтің алғыс хатымен марапатталды.

Одан соң қосымша білім беру саласының дамуына сіңірген еңбегі үшін тағы бірқатар педагогке, оның ішінде мектебіміздің «қобыз-прима» мамандығының оқытушысы Куаншалиева Ляззат Анисовна және облыстағы 6 жеке меншік қосымша білім беру ұйымына Білім беру басқармасының алғыс хаты табысталды.