Created: 01 Желтоқсан 2021
258

"Домбыра-тенор"

ҚР Еңбек сіңірген әртісі, "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты, профессор Айгүл Үлкенбаеваның шеберлік сабағына мектебіміздің "домбыра-тенор" мамандығының оқытушылары Уахитова Әлия Ризақызы, Бекболат Ернар Бекболатұлы, Мұсаев Ерасыл Русланұлы қатысып, іс-тәжірибе алмасып келді.
Шеберлік сабақ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Елбасының "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында ұлы күйші Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай ұйымдастырылған "Өмірді өнерімен суреттеген тұлға" атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында өтті.