«Алтын кітап» энциклопедиясы «Алтын глобус» халықаралық білім мен ғылым және мәдениетті дамытудың оқу-әдістемелік, ғылыми-инновациялық академиясы еліміздің білім сапасын арттыру, мұғалім біліктілігін көтеру мақсатында жүзеге асырып, жарық көріп отырған бұл жинаққа 1000-ға жуық оқу-ағарту саласының үздіктері мен балабақша, кітапхана және мәдениет саласының майталмандары мекеме басшыларының ұсынысы бойынша енгізілді.
Аталған энциклопедияға көп жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан мектебіміздің ұлағатты ұстаздарыда енгізілді. Атап айтсақ, Ильясов Казбек Ахметович, Кайрошов Сагидолла Шамелович, Қартбаева Райхан Құсайнқызы, Куаншалиева Ляззат Анисовна, Есенғалиева Майра Жақсығалиқызы, Омарова Гүлмира Қабылханқызы, Тусипкалиева Райхан Амангосовна;
Құрметті әріптестер! Өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен болашағының жарқын болуы үшін, еліміздің гүлденіп, кемел келешек қалыптастыру жолында тынбай тер төгіп келе жатқан еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз!
https://dshi-makat.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/77-altyn-kitap#sigFreeIded1654a129

