Created: 12 Қараша 2019
223

Мақат балалар өнер мектебінде «Зайырлы этика негіздері» тақырыбында кездесу өтті.

Облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен, Мақат балалар өнер мектебінде «Зайырлы этика негіздері» тақырыбында кездесу өтті.

Аталмыш шараға облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының маманы Р.Алиева, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, ардагер-ұстаз Р.Үмбетова, Қ.Мыңтұрғанов, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теолог маманы Ш.Темірқұлұлы қатысып, қоғамдағы діни ахуал мен зайырлылық ұстанымы туралы пікірлерін ортаға салды.

Кездесуде «Зайырлылық дегеніміз не?», «Мемлекет зайырлы болса, сол мемлекеттің азаматтары да зайырлы бола ма?» сияқты сауалдар аясында қатысушыларға мәліметтер берілді.

Кездесуде ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.