Created: 18 Қараша 2019
267

«Құлақтан кіріп, бойды алар» балалар мен жастар байқауы өтті

2019 жылы 16 қараша күні Құлсары қаласында ТОО «Қазақстан ТАЛАНТТАРЫ» өнер және білім дамыту шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ 175 жылдығына арналған «Құлақтан кіріп, бойды алар» балалар мен жастар байқауы өтті.

Елбасымыздың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру және «Мәңгілік ел»  идеясын қолдау және жасөспірімдер мен жастар арасында кең насихаттау. Талабы мен таланты, бағы мен бабы қатар жүретін дарынды балалардың мәдени кеңістігін қалыптастыру, адамгершілікке, азаматтық патриоттықа баулу және отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ел тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарап, рухани байлыққа ұмтылу қасиеттерін насихаттау. Өнерлерін сынау арқылы үлкен сахналарға шығуына жол ашу мақсатында өткен байқауда Мақат балалар өнер мектебінен «Фортепиано» номинациясы бойынша қатысқан балдырған топ оқушысы Батырбекқызы Нұраймен жеткіншек топ оқушысы Тыныштық Олжас байқаудың «Бас жүлдесін» жеңіп алып, Алматы қаласында өтетін жартылай финалға тегін қатысу жолдамасын иеленді. Аталған номинация бойынша қатысқан оқушыларымыз Ғалымжан Әділ ІІ дәрежелі орын, Орақбай Перизат ІІ дәрежелі орын, Хисмаден Гүлайна ІІІ дәрежелі орын иеленіп, лауреат атанды.

ТОО «ҚАЗАҚСТАН ТАЛАНТТАРЫ ӨНЕР БІЛІМ ДАМЫТУ» шығармашылық орталығының директоры Е.К.Сахипов өнер байқауының лауреаттарын дайындаған мектебіміздің оқытушысы Ильясов Қазбек Ахметұлын «Үздік тәлімгер» төсбелгісімен және «Алғыс хат» дипломдарымен марапатталды.

.