Атырау қаласында 30 қараша 1 желтоқсан күндері балалармен жасөспірімдер шығармашылығының V халықаралық «АҚ СҰҢҚАР» фестиваль - конкурсы өтті.
Конкурс аспапты жанр, вокал, ансамбль номинациялар бойынша дарынды жас орындаушыларды қолдау, өнерге жақын оқушылар арасында достық қарым - қатынастың орнауына ықпал ету, қоғам назарын музыкалық білім беру мәселелеріне тарту мақсатында ұйымдастырылды.
Аталған байқауға Мақат балалар өнер мектебінен вокал номинациясы бойынша қатысқан Ергенова Динара Мирамқызының оқушылары Жекенбай Жансая ІІ орынға, Ешпат Мөлдір ІІІ орынға ие болды. Түсіпқалиева Райхан Аманқосқызының оқушылары Хайруллин Ахмет І орын, Демеу Гүлзар ІІІ орын, Омарова Гүлмира Қабылханқызының оқушылары Төлеген Равиль І орын, Бағытжанұлы Таңнұр ІІ орын, Темірбекұлы Мәди ІІІ орын иеленді.
Ұйымдастырушылар оқушыларды конкурсқа қатыстыруға ықпал жасаған ата-аналарға, дайындаған ұстаздарға, мектеп ұжымына алғыс білдірді.
Мектеп директорының тәрбие
жұмысы жөніндегі орынбасары Дюсенов А.К.
https://dshi-makat.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/82-balalarmen-zhas-spirimder-shy-armashyly-yny-v-khaly-araly-a-s-ar-festival-konkursy#sigFreeIdd41904b755

