Created: 09 Қантар 2020
238

«АҚ СӘУЛЕЛІ АЛТЫН ТАҢ!»

 

Мәлімет

 

2020 жылдың 6 қаңтар күні Атырау облысы әкімдігі және Атырау облысы Білім беру басқармасының қолдауымен көкірегінде өнерге деген оты бар, сахна төрінен орын алсам дейтін жас дарындар арасында ІІІ Халықаралық «АҚ СӘУЛЕЛІ АЛТЫН ТАҢ!» фестиваль-конкурсы болып өтті.

Байқау қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Дарынды жастардың әлеуетін толыққанды ашу. Шынайы бәсекелік сезімдерін ояту. Өнер ұжымдары мен сайыскерлер арасында өзара шығармашылық қарым - қатынас орнатуға дәнекер болу. Әр түрлі өнер ұжымдарының шығармашылық қабілеттерін бағалау. Шығармашылық ізденістегі оқытушыларды марапаттау, көтермелеу. Жастарды өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу, халқымыздың төл өнерін насихаттау мақсатында өтті.

Нәтежесінде Мақат балалар өнер мектебінен «Дәстүрлі ән» мамандығы бойынша қатысқан Жолжан Жазира - ІІІ дәрежелі орынға иеленді.

Шығармашыл жастарды өнерге баулудағы елеулі еңбегі үшін Есенғалиева Майра Жақсығалиқызын конкурс ұйымдастырушылары арнайы «Дипломмен» марапаттады.

Директордың тәрбие жұмысы

жөніндегі орынбасары   

Дюсенов Асқар Кеңесұлы

 

.