Үйірме жұмыстары жүргізілді
"БІЗ БІРГЕМІЗ" байқауы
Мақат балалар өнер мектебінің «Сырнай», «Қобыз-прима» мамандығының оқытушысы Қартбаева Райхан Құсайнқызының оқушылары, «Дәстүрлі ән» мамандығының оқытушысы Есенғалиева Майра Жақсығалиқызының оқушылары, «Домбыра-тенор» мамандығының оқытушысы Омарова Гүлмира Қабылханқызының оқушылары «Қазақстан таланттар өнер - білім дамыту шығармашылық орталығының» ұйымдастыруымен қашықтықтан өткен Республикалық "БІЗ БІРГЕМІЗ" байқауында жүлделі орын иеленді.
ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ
Домбыра қазақтың ұлттық аспабы ғана емес, халық мұрасы. Қазақ қашанда домбыраны қадір тұтып, төрге іліп, бағалаған. Киелі аспаптың құрметіне былтыр Елбасының жарлығымен Ұлттық домбыра күні бекітілді. Шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтетін бұл мейрам биыл 5 шілдеге тұспа-тұс келіп отыр.



